Білім
365 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың алтыншы аптасы аяқталды.
Осы уақыт ішінде 267 мың емтихан тапсырылған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Жыл сайын мектеп түлектері тапсыратын ҰБТ-да биыл да қулық әрекетке бармақ болғандар ұсталды. Сынаққа телефон мен шпаргалка алып кіруге тырысқан 365 оқушы емтиханға кіру мүмкіндігінен айырылды.
Сонымен қатар, тестлеу кезінде ереже бұзғаны үшін 273 адам аудиториядан шығарылған. Олардың нәтижелері де есепке алынбайды.
Айта кетелік, ағымдағы жылы ҰБТ басталғаннан бері тестілеу 267 мың рет тапсырылды. Талапкерлердің 76% – ы қазақ тілінде, 24% – ы орыс тілінде, 292 рет ағылшын тілінде тест тапсырылған.