Облыс әкімі: бағыт-бағдар

№2 қазандық кеңейтіледі

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен Өскеменді жылумен жабдықтау мәселелері бойынша кеңесте алдағы жылдарға қажет жылу көлемі мен жылу энергиясының тапшылығы талқыланды.

Қазірдің өзінде №2 қазандықты кеңейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама бар. №16 қазандық агрегаты бойынша ауқымды жоба дайындалуда, меншік иесі оны іске асыру мерзімін анықтап жатыр және тиісті құжаттамамен жұмыс істеуде. Бұл жобаларды енгізу қосымша 240 гигакалория береді, бұл алдағы бес жылдағы тапшылықты жабады.

– Қала әкіміне талдау жүргізуді және қуаттылықты арттыру үшін не істеу керектігін анықтауды тапсырамын. Ол үшін жобалау институтының мамандары шақырылуға тиіс. Не жаңа ЖЭО салу керек, не қолда бар жылу көздерін жаңғырту керек. Облыс орталығында құрылыс қарқыны төмендемейді, ендеше бұл бағытта елеулі жұмыстар атқарылатын болады. Барлық жергілікті мәселелер, атап айтқанда, Аблакетка шағын ауданына қатысты түйткілдерді әзірленген алгоритмге сәйкес шешеміз, – деді облыс әкімі.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button