Облыс әкімі: бағыт-бағдарОблыстық мәслихаттың сессиясы

Тарбағатай ауданында ТБК құрылысы жоспарланған

Тарбағатай ауданында жылына қуаттылығы 25 млн. тонна мыс кенін шығаратын және инвестиция көлемі 217 млрд. теңге болатын тау-кен байыту комбинаты салынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың IV сессиясында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясында өңір басшысы Ермек Көшербаев өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Тарбағатай ауданында жылына қуаттылығы 25 млн. тонна мыс кенін шығаратын және инвестиция көлемі 217 млрд. теңге болатын тау-кен байыту комбинатын, Ұлан ауданында тантал, ниобий және литий өндіретін инвестиция көлемі 165 млрд. теңгені құрайтын байыту кешенін салу жоспарланған.

Өңір басшысының айтуынша, индустриялық секторда импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды құру негізгі аспектілер болып қала бермек.

«Көрнекі мысал ретінде жылына 200 тонна уран өндіретін атом электр станцияларына арналған жылубөлгіш құрастырмалар шығаратын зауыттың құрылысын қарастыруға болады. Бұл инновациялық өндіріс Қазақстанға ядролық сала үшін сертификатталған өнім беруші мәртебесі бар отын өндіруші мемлекеттердің шектеулі тобына жол ашты. Өткен жылы ҚХР-ға 51 млн. АҚШ долларына алғашқы тауар жеткізілді,зауыттың жобалық қуаттылығына шығу 2024 жылы жоспарланған. Түсті металлургия тау-кен өнеркәсібімен тығыз байланысты екенін ескере отырып, біздің назарымыз геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге, геофизикалық зерттеулер жүргізуге бағытталатын болады», – деп атап өтті әкім.

Сонымен қатар ол өткен жылы Казцинкті шикізатымен қамтамасыз ету үшін енгізілген Стрежан кен орнының полиметалл және мыс-колчедан кендерін игеру жобасы өндірісті 258 мың тоннаға дейін ұлғайтады және 2025 жылға қарай жобалық қуаттылығы 360 мың тоннаға жетеді деп қосты.

Бұдан бөлек, қорлар расталған жағдайда Ұлан ауданында сподумен концентраты мен литий карбонатын өндіретін тау-кен байыту фабрикасы салынады. Инвестициялардың жобалық көлемі – 100 млн. АҚШ доллары.

Осы айдарда

Back to top button