Облыс әкімі: бағыт-бағдар

Ермек Көшербаев ШҚО полицейлерінің жұмысымен танысты

Полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы, оларды қажетті жабдықтармен және көлік құралдарымен қамтамасыз ету – құқықтық тәртіпті қорғау мәселелеріндегі өзекті тақырыптардың бірі.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев ШҚО полиция департаменті бөлімшелерінің қызметімен танысып, Өскемендегі Сол жағалау полиция бөліміне барып, қатардағы қызметкерлермен сөйлесті. Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандары бөлінісіндегі ағымдағы жағдай өңірлік басқармалар мен бөлімше басшыларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Кейінге қалдыруға болмайтын негізгі мәселелердің бірі – ШҚО-ның екі жаңа ауданы Катонқарағай мен Марқакөлде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қалай және қандай жағдайда жұмыс істейтінін анықтау.

Кеңес барысында басқармалардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Өскемен жол полициясы бөлімі супер ХҚКО құрылысының жобасын іске асыруға қосылуы керек, олар барынша ыңғайлы автотұрақтар мен көлік айрығын пысықтауы тиіс.

Тағы бір міндет – кептелістердің қай жерде және қай уақытта пайда болатынын нақты түсіну үшін және алынған мәліметтер негізінде қаладағы қозғалысты ұйымдастырумен айналысу үшін облыс орталығындағы көлік трафигін талдау. Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру сапасы осыған тікелей байланысты.

Өскемен-Рахман қайнары тас жолы мен Осинов асуы қауіпті апаттық учаскесі де назардан тыс қалмады. Жыл сайын осы бағыт бойынша автомобильдер ағыны артып келеді және полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуі қажет: ескерту қалқандары мен қосымша жол белгілерін орнату, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, қараусыз қалған мал мәселесін шешу маңызды, бұл көбінесе ауыр апаттарға әкеледі. Заңнамада жануарлардың иелері көтеретін жауапкершілік шаралары қарастырылған.

Бұқтырма су қоймасының жағалауында және басқа да жаппай демалыс орындарында туристік полиция пункттерін құру мәселесі өзекті болып қала береді. Бұл бағытта ТЖД және ПД қызметкерлерінің жұмысын біріктіру ұсынылды, өйткені іс жүзінде олар ортақ іспен айналысады – демалушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалайды.

Сондай-ақ өңір басшысы көші-қон полициясына барып, азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді жеделдетудің жолын табуды тапсырды.

Қыркүйек айында  өңірлік полиция және облыстық әкімдік басқармаларының басшылары нақты шешімдер мен ұсыныстарды ШҚО әкіміне ұсынуы тиіс.

Осы айдарда

Back to top button