Облыстық мәслихаттың сессиясы

ШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады

ШҚО мәслихатының кезекті отырысында облыс әкімі Ермек Көшербаев 2025 жылға дейін өңірде 7400 орындық 18 мектеп салу жоспарланғанын айтты.

Биыл Өскемен қаласында және Тарбағатай ауданының Шеңгелді ауылында 2 мектеп іске қосылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

«Зайсан қаласында 300 орындық мектеп құрылысын жалғастыру, Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар, “Жайлы мектеп” жобасы бойынша 10 мектептің құрылысына “Samruk-Kazyna Construkction” тапсырыс беруші болып табылады, биыл 7 мектептің құрылысы басталады, – деді Е. Көшербаев.

Сонымен қатар, ол өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударып, оларды жақсы мақсаттарға жетелеу керектігін айтты.

«2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,8% құрайды. Бүгінгі таңда кезекте 1902 бала тұр. Ағымдағы жылы 1537 орын ашу жоспарлануда. Бірінші жартыжылдықта 375 орын ашылды.», – деп толықтырды әкім.

40 мектепте 1,2 млрд теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасады. Тіл білімі мұғалімдерінің оқыту сапасын жақсарту жұмыстары ерекше бақылауда. Жазғы тақырыптық лагерьлерде және ана тілінде сөйлейтін отбасыларында тұрып, тілдік ортаға толық ену арқылы қазақ тілінің деңгейін арттыру жобасы сәтті басталып, өзінің дамуына қол жеткізді. Сондай-ақ, облыс азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша қабылданған міндеттемелерді орындады және орындайтын болады. 19 мың оқушы тегін тамақпен, мектеп формасымен, қысқы аяқ киіммен, қоғамдық көлікте тегін жол жүрумен қамтамасыз етілуде. 4,3 мың бала балабақшаларға тегін барады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылған», – деді аймақ басшысы.

Спорттық инфрақұрылым да маңызды рөлді атқарады. Ағымдағы жылы Таврия, Бозанбай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері  пайдалануға беріледі. Ал Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында да дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған екен.

Осы айдарда

Back to top button