Ауыл шаруашылығы

Жәрмеңкеге жұрт көп жиналды

Жәрмеңкеге жұрт көп жиналдыСемейде бесқарағайлық фермерлердің күшімен қысқы жәрмеңке ұйымдастырылды.

Оған аудандағы он ауылдық округтің бәрінен фермерлер қатысып, қалалықтарға ет, сүт және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін молынан ұсынды. Нақтылап айтқанда, бір күн ішінде қала жұртшылығына төмендетілген бағамен төрт тонна ет, бір тонна сүт сатылды.

Тегінде мұндай жәрмеңкелер күз айларында ғана ұйымдастырылатын. Ал оның қыста және Жаңа жыл қарсаңында өткізілуі оңды шаруа болды. Өйткені, Жаңа жылдың алдында азық-түлік тауарларының бәрі дерлік қымбаттап кеткен еді. Осындай жәрмеңкелердің арқасында жергілікті тұрғындар арзан бағаға ауылдардан келген азық-түлік өнімдерін сатып алады. Жәрмеңке мереке алдында бағаның көтеріліп кетпеуіне көп көмегін тигізді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button