Жаңалықтар

Жол ақысын төлеу жүйесі өзгереді – Риддер

Риддерліктер жол ақысын жаңа форматта төлемек.

Риддерде қоғамдық көліктерде жол ақысын банк картасы арқылы төлеу мүмкіндігі туындамақ, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Кеншілер қаласына Семейден келетін жаңа автобустарда электронды билет енгізіледі.Жолаушылар электронды билетті пайдалану үшін телефонға мобильді қосымшаны жүктеуі қажет. Ал қолма-қол ақшамен есеп айырысу құны әдеттегінден қымбат болмақ. Сонымен қатар кей санаттағы жолаушыларға жол ақысы арзандатылмақ.

-Көпшілікке түсінікті болу үшін кез келген банк карточкасы арқылы автобустарда есеп айырысуға болатынын айта кетейін. Карта өз атыңызда болса онда жүйе жолаушының қанша жаста екенін де бірден көре алады. Бұл зейнеткерлер мен мектеп оқушыларына тиімді, -дейді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.

Электронды билет автопарктердің табысын да су бетіне шығарады деп болжануда.

-Осы жүйе арқылы парктің жолаушыларды тасымалдау бойынша тапқан ақшасы мен оның шығындары арасындағы айырмашылықты сараптай аламыз. Соған сай бюджеттен субсидия бөлуге дайынбыз, -дейді әкім.

Айта кетелік, дәл осындай ашықтық пайда болғанда әкімдік зейнеткерлер үшін жол құнын 50 пайызға, оқушыларға 40 пайызға дейін жеңілдетуді қарастыруда.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button