Сұраңыз

Жоғары білімді маман ретінде төлене ме?

Жоғары білімді маман ретінде төлене ме?

– Аягөз қаласындағы К.Бозтаев атындағы орта мектепте кітапханашымын. Семей қаласындағы Абай атындағы мәдени-ағарту училищесін «кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіргенмін. Одан бөлек Шәкерім атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін аяқтадым. Білгім келетіні, маған жалақы жоғары білімді маман ретінде төлене ме?
Бақытгүл Жақыпбекова

Аягөз ауданы.

Сауалға облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Садықова жауап береді:

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалімдердің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс.
Сол себепті Сізге еңбекақыңыз қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары білімді маман ретінде, ал кітапханашы мамандығыңыз бойынша орта білім негізінде есептеліп төленеді.

Әзірлеген – Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button