Ауыл шаруашылығы

Жиын-терінді аяқтауға жақын

Бесқарағай ауданы бойынша барлығы 17,32 мың гектар жерден егін жиналды, оның ішінде 0,12 мың гектардан жүгері, 0,137 мың гектардан қара бидай, 11,3 мың гектардан бидай, 1,8 мың гектардан арпа жиналса, 14,3 мың тонна дәнді дақылдар бастырылды.

Жиын-терінді аяқтауға жақынАлынған өнімді әр гектарға шаққанда орташа түскен түсім 8,3 центнерді құрайды. Бұл белгіленген меже орындалуға жақын.

Сонымен қатар 3,0 мың гектар алқаптан 1,2 мың тонна күнбағыс жиналды. 0,4 мың гектар көкөніс алқабынан әр гектарға шаққанда 215 центнер өнім түсті. 138 гектардан 2,80 мың тонна бақша дақылдары жиналып, 11,73 мың тонна картоп алынды. Осылайша, Бесқарағай ауданында күзгі дала жұмыстары аяқталып та қалды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button