Денсаулық сақтау

Жетпістен астам жас маман келді

Өңірдің медицина мекемелері былтыр 70-тен астам жас маманмен толықты. Бұл туралы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысқан жиында мәлім болды.

– Былтыр облысқа 72 жас маман келді, оның 23-і резидент, 43-і жалпы тәжірибелік дәрігер, үшеуі қоғамдық денсаулық сақтау маманы болса, үшеуі стоматолог. – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина.

Басқарма басшысының айтуынша, ауылды жерге қызмет етуге барған мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтермеақы және баспана алу үшін 1 500 АЕК мөлшерінде төмен пайызбен несие берілген.

Сондай-ақ бес дәрігер қызметтік пәтерге ие болса, 20 медицина қызметкері «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы тұрғын үйге қол жеткізген.

Дегенмен аймақта медицина мамандарының тапшылығы әлі де бар. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында 138 маман жетіспейді. Сондықтан емдеу мекемелерін жас кадрлармен толықтыру жұмысы биыл да жалғасатын болады.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button