Экология

Жер асты суларының қорларын анықтауда

Облысымыздың ауылдық елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін ең алдымен оның жер астындағы қорын анықтап алудың маңызы зор.

Жер асты суларының қорларын анықтаудаОсы орайда «Топаз» жер қойнауын зерттеу компаниясына қарасты гидро-геологиялық партияның мамандары 2006 жылдан бері облысымыздың 40-тан астам ауылдары үшін жер асты су қорларын анықтады.

Гидрогеологтар оған қоса кезінде бұрғыланып, өздігінен су ағып тұрған 400-ден астам ұңғыларды зерттеп, қайтадан есепке алды және табиғатқа зиян келтіріп тұрған 31 ұңғыманы жапты.

Жер қойнауын зерттеушілер сонымен бірге елу жылдан астам уақыттан бері жер асты суларының монито-рингін жүргізіп, оның деректер базасын жасаумен де айналысуда. Бұл ретте «Қауіпті экзогендік процестер» жобасының маңызы аса зор. Оның нәтижелері шаруашылық нысандары мен халықты сақтандыру үшін тиісті орындарға жіберіледі. Олар тағы бір маңызды міндет – облыс аумағын шаруашылық мақсатта игеру үшін геологиялық зерттеудің кешенді жұмыстарын атқаруда.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button