Әскер

Жауынгердің басты қаруы – тәртіп

Қоғам ағысымен қоса келген келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Өскемен гарнизонында «Мен өмірді таңдаймын!» атты онкүндік өтуде.

Талабы мен тақауыры күшті әскери орындарда келеңсіз жағдайлар болып жататынын жиі болмаса да әредік естіп қаламыз. Сондықтан онкүндік аясында әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, әлімжеттіктің, жарақаттанудың, өлім-жітімнің және суицидтердің алдын алу мақсат етілді.

         – Онкүндік аясында Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде тәртіпті нығайтуға бағытталған шаралар легі жоспарланған. 27943 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырып, әскери қызметшілер тарапынан түскен сауалдарға жауап бердік. Құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде толығырақ тоқталдық, – деді әскери полиция бөлімі алдын алу бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Дидар Ибраев.

Өмірдің мәні мен мазмұнын насихаттауға бағытталған шараға облыстың психикалық денсаулық орталығының маман психиатры Алтынай Тұрарова, Өскемен каласы әскери тергеу бөлімінің қызметкерлері подполковник Азамат Мұхаметқалиев және капитан Абзал Бекқалиев қатысып, тәртіп пен тәрбиені, құқықтық негізді насихаттады.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button