Әскер

Командирлер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті

Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен әскерилер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған Абай облысынан  бөлек, Павлодар, Өскемен, Курчатов қалаларында орналасқан әскери бөлім командирлері мен орынбасарлары қатысты.

Семейдің  іргесіндегі 3 күнге созылған полигон аумағындағы оқу-жаттығу жиынының мақсаты әскерилердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың шеберліктерін шыңдау. Бірнеше аймақтан келген командирлер мен орынбасарлары өзара тәжірибе алмасты.

-Оқу жиынының барысында бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары бронь тронспортер 80 техникасымен жүргізу, суда жузу. Ары қарай әртүрлі модификациядағы қару жарақтан оқ ату сабақтары жүргізілуде. Бүгінгі күнде өте жақсы нәтижелер көрсетілуде. -дейді 5511 әскери бөлім командирінің  қару-жарақ жөніндегі орынбасары  майор Аброр Абдуллаев.

Күшейтілген қару-жарақпен жабдықталған БТР-80 соңғы жаңартылған түрі-жаяу әскердің доңғалақты жауынгерлік техникасы жол талғамайды, ойлы қырлы жерлермен де суда да жүре береді. Оны Кеңес әскерлері Ауған соғысында қолданған. Кейін 90-шы жылдардан бастап Ресей Қарулы Күштерінің және басқа да бірқатар бұрынғы кеңестік республикалардың  барлық ірі қарулы қақтығыстарында қолданылған. Оны басқару да екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Қазіргі уақытта БTР 80-ді жүзу кезінде практикалық жүргізу жүріп жатыр. Яғни, су кедергісін жеңу. БТР  80 тек шұңқырларды ғана емес, сонымен қатар су кедергілерін де қауіпсіз жеңе алады. Бұған дейін техниканы мұқият дайындайды. Яғни, барлық люктер жабылғанын тексереді. Шамамен жарты сағат немесе бір сағат тексеру жұмыстары жүргізіледі,-дейді  5518 әскери бөлімінің аға механик жүргізушісі сержант Руслан Бекенов.

Оқу жаттығу жиынын өткізу барысында әскери қызметкерлерге барлық жағдай жасалған.Тіпті, оқу-жаттығудан кейін тыныстау үшін арнайы демалатын орындармен жабдықталған техникалар да бар.Әскери көліктің іші кең әрі барлық заман талабына сай жабдықтармен жасақталған.

Оқу методикалық жиынының маңыздылығы үлкен. Біз осында келіп біраз өзімізге білім алдық. Көп нәрсені бізге үйретті. Күнделікті қызметті атқарып ондай маңызды нәрселерге көңіл бөлмеген кезде, осындай жерлерде соны үйреткені өте дұрыс,-дейді  5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Медет Ертайлақов.

Осылайша, бүгін оқу-жаттығу жиыны мәресіне жетті. Әскери қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, әскери дағдылары бойынша шеберліктерін шыңдады.

Капитан Бағдат Амангелді,

Өскемен қаласы

Осы айдарда

Back to top button