Технология

Жасанды аяқ – BioLeg

Ынтымақ Толқын

 Жапонияның BionicM компаниясы адам аяғына арналған ең протезді ең озық ыңғайлы түрін жасап шығарды.

BioLeg атты жасанды аяқ адамның денесі мен іс-қимылын бақылауға алып, жүрісін дәлме-дәл қайталайды. Тіпті, сылтып басудың өзі білінбей қалатын көрінеді. BioLeg гуманоидты робототехника технологиясы арқылы жасалған. Оған микропроцессорлы қозғалтқыш орнатылған. Қозғалтқыштың көмегімен жасанды аяқ жоғалған бұлшықеттердің күшін продездік қуатпен алмастырып, тұтынушының қалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді. Осылайша темір аяқтың көмегімен кез келген баспалдақ еркін еңсеріліп, отырып-тұру мүмкіндігі де еш қиындықсыз жүзеге асады.

Жасанды аяқты қуат көзіне қосу арқылы пайдаланады. Толық қуатталған протез тоқтаусыз 16 сағатқа дейін жұмыс атқаруға қауқарлы. Оны арнайы бағдарламаның көмегімен қолыңыздағы қарапайым ұялы телефон арқылы бақылап отырасыз және өз ыңғайыңызға қарай реттесеңіз болады. Протез 100 килограмға дейінгі салмақты көтереді. Сонымен қатар 132 градусқа дейін еркін бүгіле алады. Оның бұл қабілеті еш кедергісіз еркін жүрісті қамтамасыз етеді. Темір аяқ -40 градусқа дейінгі температураға төзімді. Ал салмағы – үш килограмм.

Қазірдің өзінде жасанды аяқтың көмегімен қанша төсек тартып жатқан жанның өмірі қуанышқа толып, қанша адамның кеудесінде үміт оты пайда болды.

Осы айдарда

Back to top button