ТехнологияТОП

Scan Reader Pen 4 – аудармашы қалам

NEWYES компаниясы қалапсап түріндегі Scan Reader Pen 4 атты аудармашы қаламды таныстырды. Саяхатшылар мен тіл үйренушілерге таптырмас құрал әлемнің 112 тілінде сайрай алады. 

Scan Reader Pen 4 аудармашы құралдар ішіндегі ең оңтайлысы болып отыр. Оның жұмыс істеу процесі мен жылдамдығы және ықшамдылығы да көпшіліктің көңілінен шыққан. Аудармашы қаламға ChatGPT кірістірілген. Ол сөз тіркестері мен сөйлемдерді табуды жеңілдетеді. Сонымен қатар қаламда дыбыстап оқу функциясы да қарастырылған. Өзге елге саяхатқа шыққандар үшін бқл таптырмас көмекші. Ал тіл үйреніп, немесе қағаз бетіне түскен аударма керек болса Scan Reader Pen 4 әдеттегі аудармашыдан 30 есе жылдам істеуге қауқарлы. Оның үстіне ол кез келген телефон мен компьютерге қосылады. Қаламның көмегімен түпнұсқа және аударылған мәтінді .txt, .docx және PDF нұсқада өңдеуге және экспорттауға болады.

Құрылғыдағы Microsoft translation resources, FLTRP dictionary, Collins English Dictionary және NMT (нейрондық машиналық аударма) сияқты кәсіби сөздіктер әлемнің 112 тілін жылдам әрі нақты аударуға көмектеседі. Қалам мәтінді тануды 98% дәлдікпен жүзеге асырады және минутына 80 сөзге дейінгі жылдамдықпен оқи алады. Ал дерекқорында 2,8 миллион жазба бар.

Scan Reader Pen 4 120 кадр/сек ажыратымдылығы бар 500 мегапиксельді камерамен жабдықталған. Бұл мәтінді фотосуреттерден, мейрамхана мәзірінен, пакеттерден, бөтелкелерден, экрандардан, түсініксіз жол белгілерінен, әртүрлі материалдардың беттерінен дәл және жылдам аударуға мүмкіндік береді. Суреттердегі мәтінді оқу үшін OCR қолданылады. Ал аударма жарты секундта жүзеге асырылады.

Scan Reader Pen 4-ге әлемнің кез келген бұрышынан тапсырыс бере аласыз. Оның бағасы шамамен 40 мың теңгені құрайды.

Ынтымақ Толқын

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button