Денсаулық сақтау

Жас дәрігерлер міндеттерін бұлжытпай орындайды

Жас дәрігерлер  міндеттерін бұлжытпай орындайды

Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттап, жүзеге асыру мақсатында жас дәрігерлермен «Менің Қазақстаным» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы туралы айтып, жас дәрігерлердің білімі мен біліктілік деңгейлерін көтеруге мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып отырғанын, сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану қажеттігін атап көрсетті
Сондай-ақ, басқосуда «Жастар орталығы» КММ директоры Олжас Шәріпбеков «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ішінде атап айтсақ, бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін құру, әрбір отандасымыздың денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіру бағытында ауқымды міндеттерді орындау, қазақстандықтардың өмір сүру жасының ұзақтығын 80 жасқа дейін жеткізу, медициналық туризмді дамыту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, медициналық санитариялық алғашқы көмекті дамыту және тағы басқалар.
Аудандық мешіттің наиб имамы Бекзат Қосанбаев жас дәрігерлерге науқастарды емдеу, әр адамның өз денсаулығына жауаптылықпен қарауы секілді мәселелерді діни тұрғыдан түсіндірді.
Аудандық орталық аурухананың дәрігер-травматологы Медғат Омаров өзі қызмет ететін медицина мекемесі жыл өткен сайын көркейіп, материалдық-техникалық базасы нығая түскенін, білікті мамандар қатары көбейгенін тілге тиек ете келе, осы орайда дәрігерлер қауымы өздеріне жүктелген міндеттерді ыждаћаттылықпен орындап жүргенін жеткізді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button