Денсаулық сақтау

Жапондық негізде жасалған коронавирусқа қарсы дәрі Шығысқа жеткізілді

Облысқа тұмауға қарсы жапондық дәрі-дәрмек негізінде жасалған «Авифавир» дәрілік препараты жеткізілді.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Шығысқа Сovid-19-ға қарсы күреске бағытталған «Авифавир» дәрілік препараттарының 176 қорабын жіберді.
Бұл көмек қала, аудандардың денсаулық сақтау мекемелеріне қажетіне қарай бөлініп берілуге тиіс. Ал бұл іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев және «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақытқызы мониторинг жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, коронавирусты емдеуге арналған бұл дәрілерді «Самұрық-Қазына» қоры «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясынан» сатып алған.
– “Фавипиравира” базасындағы “Авифавир” препараты – коронавирусқа қарсы әлемде тіркелген екі дәрінің бірі. Ол төтенше жағдайларда қауіпті жою үшін қолдануға арналған. Препаратты стационарлық медициналық көмек жағдайында ғана қолдануға болады. “Авифавир” негізінен Жапонияда жақсы танымал. Ол 2014 жылдан бастап тұмаудың ауыр түрлерін емдеу үшін қолданылып келеді, – дейді аталмыш мекеменің баспасөз хатшысы.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button