Экология

Жалпықалалық сенбілікке шықты

Семей қаласының аумағын абаттандырып, санитарлық тазалау жұмыстарына шаһардағы көптеген мекемелер мен жастар ұйымдары атсалысты.

Жалпықалалық сенбілікке шықтыСемейде сәуір-мамыр айларында сенбілік ұйымдастырылатыны туралы қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков алдын ала хабардар еткен болатын.

Жалпықалалық сенбілік кезінде жекелеген тұрғын үйлер ғана емес, мекеме, кәсіпорын, сауда орталықтары мен оқу орындары түгелдей өздеріне тиесілі аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізіп, тонналаған қоқыс жинады. Ал осы қоқысты қала сыртына шығару ісіне елу шақты автокөлік пен өзге де арнайы техникалар жұмылдырылды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button