Экология

Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін

19-23 мамыр аралығында облысымызда күн райы күрт суытады деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкінБұл күндері Шығыс Қазақстан аумағында түндегі ауаның температурасы 8-13° жылылықтан 2-7° градусқа, тіпті, кей жерлерде 0-2° градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал күндізгі уақытта 17-22°, кей өңірлерде 25°-ке дейін жылылықты көрсетеді.

Сонымен қатар, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, жауын-шашынның соңы қарға ұласуы да ықтимал. Ауа райының қолайсыздығына сәйкес төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындарын кез келген келеңсіз жағдайлардан сақ болуға шақырады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button