Тұңғыш Президент

Жаңадан 64 әлеуметтік нысан ашылды

Жаңадан 64 әлеуметтік нысан ашылды

Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік аясында өңірімізде әлеуемттік маңызы бар 64 нысан пайдалануға берілді.
Жақында Риддер қаласының тұрғындарына салтанатты түрде жаңа пәтер кілттері табыс етіліп, иелері қоныс тойларын тойлады. Соңғы 30 жылда жаңа үйлердің салынуына куә болмаған жұртшылық «зор қуаныщқа кенелдік» дейді. Бес қабатты үй 5 үш бөлмелі, 35 екі бөлмелі және 20 бір бөлмелі пәтерден тұрады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 390 млн. теңге жұмсалған. Айта кетерлік жайт, ең шағын деген бір бөлмелі пәтердің ауданы 54 шаршы метрді құрайды. Жаңа үй таулы аймақтарға қойылатын талаптардың барлығына сай, сейсмикалық көрсеткіштер бойынша 8 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере аларлықтай етіп салынған. Үйдің құрылысы кезінде жылытудың жаңа технологиясы қолданылыпты.

Тұңғыш Президент күніне орай, Глубокое ауданының Черемшанка және Белоусовка ауылдарында да жаңа нысандар қолданысқа берілді. Енді аталмыш елді мекендердің тұрғындары жаңа дәрігерлік амбулаторияда емделуге мүмкіндік алса, Перевальное ауылында акушерлік-фельдшерлік пункт өз жұмысын бастады.

Черемшанка ауылында бой көтерген ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 150 миллион теңге қаржы жұмсалған. Осы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстарын бастаған «Өскемен-Құрылыс» ЖШС нысанды уақытынан кешіктірмей қолданысқа берді. Енді дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының игілігіне жарамақ.

Жалпы, бұл күндері облыс бойынша мемлекет қаражатына ғана емес, жеке инвестиция қаржысына да салынған балабақшалар, интернаттар, мәдени және спорт нысандары, емханалар ашылып, жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button