Тұңғыш Президент

Елбасы күні ерекше өтті

1 желтоқсан –  Тұңғыш Президент күні. Жыл сайын бұл күні  елімізде Тұңғыш Президенттің тәуелсіз мемлекеттің қалыптасып, нығаюына қосқан зор үлесі туралы баяндайтын түрлі  көрмелер, мерекелік концерттер  мен басқа да шаралар  өтеді. Биыл әлемдегі  эпидемиологиялық жағдайға байланысты  Тұңғыш Президент күніне арналған шаралардың дені онлайн режимінде өтті.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге семейліктер ерекше   дайындалды. Мереке қарсаңында Абай атындағы облыстық кітапханада Семей қалалық Полиция басқармасының жас қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» ақпараттық сағаты өткізілді. Шара барысында қатысушылар еліміздің  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биографиясымен, жасампаз идеяларымен, бастамаларымен танысты. Көрменің басты мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, сонымен қатар Елбасының  тәуелсіздік жылдарындағы қызметі бейнеленген әдебиеттерді насихаттау.
Кітапхана қызметкерлері қонақтарға Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі, Қазақстанның маңызды оқиғалары мен хроникасы, тәуелсіздік кезеңінде болған оқиғалар, еліміздің ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы және қазіргі тарихтағы Елбасының рөлі жайында ақпараттарды жеткізді.
Ақпараттық сағатқа қатысушылар Ұлт Көшбасшысының еңбектерімен, Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі және қазіргі тарихтағы рөлі, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы туралы 50-ден астам кітаптар  қойылған «Менің Тұңғыш Президентім» атты кітаптар көрмесін тамашалады.   Жекелей алғанда көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың «Избранные речи», «Наш Президент», «Размышления о лидере», Б.Майлыбаевтың «Послания Президента в потоке истории», Ж.Сааданбековтың «Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства», «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев: хроника деятельности», «Первый очерк о Президенте Республики Казахстан», «Елбасы сыныптастары», В.Михайловтың, Т.Мансуровтың «Нурсултан Назарбаев» сынды тағы да басқа еңбектер қойылды.
Атаулы күннің құрметіне орай Семейде онлайн форматта «Читающая школа» облыстық жобасының бірыңғай күні басталды. Жобаны  облыстық білім, ішкі саясат, мәдениет басқармаларының,  білім бөлімдерінің өкілдері ұйымдастырды.
Шара барысында Тұңғыш Президент туралы кітаптардың виртуалды көрмесі,  «Чтение – лучшее учение!» бейне-челленджі ұйымдастырылды.  Ұлан ауданы, Таврия орта мектебі  кітапханасының  оқушыларды кітап оқуға қызықтыру  тәжірибесі облысқа кеңінен таратылмақ.
Өскемен және Семей қалаларындағы «Білім – Инновация» лицейлері онлайн форматында «Час чтения» жобасын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Жоба бойынша лицей оқушылары күніне 20 минут кітап оқиды. Осы тәжірибе басқа мектептерге үлгі болмақ.

Бүкіл ел ауқымында атап өтілген айтулы мерекеде еліміздегі.
зияткерлік мектептер желісі бойынша үлкен бағдарламалар ұйымдастырылды. Назарбаев зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні «Ұлы дала мұрагерлері»  атты дәстүрлі домбыра марафонымен басталды. NIS YouTube каналдарында Құрманғазының, Дәулеткерейдің және Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі күйлері ойнатылады. Бірінші болып мерекелік марафон Өскемен қаласында басталды. Бұл жерде мектеп оқушылары Қарағанды және Петропавл мектептерінің оқушыларына бейнечеллендж жолдады. Орал қаласында Тұңғыш Президент күніне орай «Инициативы Президента» тақырыптық  NIS Talks өтсе,  Қостанайда «Елбасы кітаптары» виртуалды көрмесі болады. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен қатар олардың ата-аналары да  қатысты. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы шеңберінде дикторлар клубы «Тәуелсіз елдің ұландары» көркемсөз оқу байқауын ұйымдастырды. Талдықорғанда әйгілі айтыскер, екі дүркін «Алтын домбыра» лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жандарбек Бұлғақовпен кездесу өтті. Шымкенттік химия-биологиялық бағыттағы мектепте «Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы» онлайн конференциясы өткізілді.
Барлық зияткерлік мектептерде  «Сегодняшние лидеры шаныраков – будущие лидеры страны» көшбасшылар форумы және «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциясы, «Казахстанский путь. Н.Назарбаев» виртуальды экскурсиясы және «Ел тірегі – Елбасы» кітаптар көрмесі, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқауы, қайырымдылық акциясы, спорттық эстафеталар және тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» концерті және басқа іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар барлық Назарбаев зияткерлік мектептерде тұңғыш рет қашықтық форматында ұйымдастырылған «Туған елге – тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы аяқталады. Тарихи мұра («Ұлы Дала өркениеті»); табиғи-қорық («Туған өлкем – жұмақ мекен!»); мәдени мұра («Ұлт руханияты – бабалар аманаты»); инновациялық даму бағыты («Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует») секілді    төрт бағытта ұйымдастырылған дәстүрлі экспедиция алдағы Тәуелсіздік күнінде мерекелік форуммен аяқталады.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button