Экология

Зауыт қыркүйекте іске қосылады

Өскеменде салынып жатқан қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыт қыркүйек айында іске қосылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды.

Аталмыш сұрыптау желісі экологиялық жүктемені төмендетеді деп күтілуде.

– Жоба екі жыл бұрын жүзеге аса бастаған еді. Қазір соңғы кезеңіне жетті деуге болады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Енді аумағы абаттандырылып жатыр. желі іске қосылса, қоқыстың 40 пайызын сұрыптауға мүмкіндік туады. Соның арқасында қала экологиясы жақсарып, полигонда қатты тұрмыстық қалдықтар бұрынғыдай көп мөлшерде жиналып қалмайтын болады, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Шаһар басшысының айтуынша, бүгінге дейін сұрыптау желісінің барлық элементі жеткізіліпті. Енді желіні құрастырып, баптауларын орнату ғана қалды. Бұл жұмысты жабдық өндіруші – грекиялық SABO S. A. компаниясының мамандары жүргізетін болады.

– Жалпы, мұндай аппараттар Албания, Грекия, Сербия сынды елдерде жұмыс істеп тұр. Қазір Грекиядан келген серіктестер іске қосу жұмыстарымен айналысуда. Тамыз айының ортасында Словениядан мамандар келді. зауыттың сұрыптау желісін қыркүйек айында іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button