Цифрлық Қазақстан

Заңды тұлғалардың өтінішін қабылдайды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалы кеңсесіне заңды тұлғалардан жолданған құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында Өскемендегі ХҚО-ларда заңды тұлғалар  өтініштерін  қабылдау орталықтары ашылды.

– Енді заңды тұлғаларға құжаттарын өткізу үшін филиал кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қаладағы кез келген ХҚО-ға жүгінсе болады. Қазір электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының өзгеруі, орналасқан жерінің өзгеруі базаға электрондық хабарлама негізінде, автоматтандырылған режимде енгізілмейді. Сол себепті Өскемен ХҚО-ларында өтініш қабылдау орталығы, яғни әр бөлімде бір терезе жұмыс істеуде, – дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының директоры Азамат Есембулов.

Атап айтқанда, ХҚО-ларда заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтер көрсетіледі – резидент емес заңды тұлға мекенжайының және басшысының өзгергені, заңды тұлғаның жарғылық капиталының ұлғайғаны, экономикалық қызмет түрінің өзгергені, басшысы мен құрылтайшысының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарламалар. Бұл қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асады, тіркеу алымы төленбейді.

Заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңға сай енгізіледі.

Жыл басынан облыстық филиалға хабарламалық сипаттағы 1564 өтініш түскен. Оның 853-і  электронды үкімет порталы арқылы, 706-сы кеңсе арқылы қабылданыпты.

Ержан Әбіш

 

Осы айдарда

Back to top button