Ауыл шаруашылығы

Қысқы азықтарын қамдады

Қысқы азықтарын қамдадыКезекті ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасын тапты. Бұл жолғы кезек Шемонайха ауданына жеткен екен.

Қыстың қаһары біліне бастаған сәтте арзан өнімдерін арқалап Өскеменге шемонайхалықтар жетті. Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Сергей Коротковтың айтуынша, бұл жәрмеңкеге бір тоннадан астам қарақұмық, өсімдік майы мен ет өнімдері әкелініпті.

Астықты аудан облыс орталығының тұрғындарын нан өнімдеріне де қарық қылды. Олар мың жарым тонна нан және тоқаш өнімдерін де жұртқа тиімді бағамен саудалады. Ақты астың төресі деп білетіндер жәрмеңкеде ұсынған сүт өнімдерінің түр-түрін қолайлы бағамен алу мүмкіндігін мүлт жібермеді. Шұжық өнімдеріне деген сұраныс айтарлықтай болды. Шемонайха балын аңсағандардың да жолы болды бұл күні.

Жәрмеңке болғандықтан саудаланған тауарлардың бағасы базар бағасынан біршама арзан болғанын да айтпай болмас. Мәселен, мұнда сиыр еті 1000 теңгеден сатылды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button