Абай - 175

Ыстамбұлда даңғылға Абай есімі берілді

Ыстамбұлдың қазақ диаспорасы көп шоғырланған Зейтинбурну аймағында ірі даңғылдардың біріне Абай есімі берілді. «КТК» телеарнасының хабарлауынша, бұл жаңалық сондағы қазақ бірлестігінің бас қосуында мәлім етілген.

Бірлестіктің жетекшісі Ертолқын Ғайретуллах Түркия тұрғындары ұлы ақынның есімімен жақсы таныс екенін айтады.

– Бүгінгі кездесуде көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Жергілікті қазақ жастары консулға өз сұрақтарын қойды. Ал біздің ай сайынғы «Қазақ елі» журналымыздың кезекті нөмірі Абайға арналды. Мұндай кездесулер жалғасады деп үміттенеміз, – деді Ертолқын Ғайретуллах.

Оның айтуынша, әлемге әйгілі ірі қалада Абай құрметіне көше атын беру оңай шаруы емес. Бұл жерде Анкарадағы Қазақстан елшілігі мен Ыстамбұлдағы консулдықтың еңбегін атап өткен ләзім.

Бұдан бөлек Түркияның өзге қалаларында да ұлы ойшылдың атымен аталатын саябақ,  мектеп және көшелер бар. Қазақ тілі үйірмелері де жұмыс істеп тұр.

– Мен Ыстамбұлда туып-өскен қазақпын. Сондықтан мен үшін ана тілімді үйрену өте маңызды. Біз осындай кездесулерді жиі өткізуге келістік. Егер біз үнемі кездесіп отырсақ, ана тілімізді үйреніп, бірлігімізді нығайта аламыз, – дейді Гаппар Орхун Ақдаг.

Осы айдарда

Back to top button