Технология

Vulcan – робот фермер

Ынтымақ Толқын

Массачусетс технологиялық институтының Farmwise агротехнологиялық компаниясы егістіктегі арамшөптерді жұлуға қабілетті жаңа Vulcan ауылшаруашылық техникасын жасады. Жоғары аппарат өсімдікті арамшөппен мүлде шатастырмайды.

Көктем шығып, жер бауыры жылынғанда егіс алқабында да қызу жұмыс басталады. Ал еккен дақыл өнім беріп, бой көрсеткенде оған жағаласқан арамшөптердің де қаптайтыны тағы бар. Өнім мол шығу үшін диқандар жаз бойы арамшөппен алысады. Фермерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында америкалық Farmwise компаниясы ауыл шаруашылығына арналған техниканың жаңа түрін шығарды. «Vulcan» деп аталған аппарат егіс алқабындағы арамшөппен күресте таптырмас құрал болып отыр.

Vulcan – тракторға тіркелетін дөңгелекті құрылғы. Оған анықтау, ажырату мүмкіндігі аса жоғары озық компьютерлер мен соңғы үлгідегі сканер жүйесі, сондай-ақ камералар орнатылған. Қазірдің өзінде аталмыш технология 20-дан астам өсімдікті бұлжытпай таниды. Сонымен қатар арамшөптерді шабатын моторлы пышақ пен қосымша жарық шамдар орнатылған.

Жаңа машинадағы электроника IP69 стандарты бойынша ылғалдың енуінен сенімді қорғалған. Сондықтан кез келген қолайсыз ауа райында онымен жұмыс істей беруге болады. Ал батпақ болып кетсе, 100 барға дейін қысыммен жуып алса да ештеңе етпейді.

Қазір компания Vulcan-ның үлкен-кішілігіне қарай бірнеше түрін шығара бастады. Техниканы алдын ала тапсырыс беріп алуға болады.

Осы айдарда

Back to top button