Денсаулық сақтау

ВИЧ-пен ауыратындар қатары азаймай тұр

Облыс аумағында ВИЧ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай қиын. Жыл басынан бері бес айдың ішінде дәрігерлер қауіпті дертті жаңадан жұқтырған 2217 адамды анықтаған. Сондай-ақ, 49 адам осы аурудың салдарынан көз жұмған.

ВИЧ-пен ауыратындар қатары азаймай тұр– ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар қатары жыл санап өсіп келеді. Тек соңғы бір жылда ғана мұнымен екі мыңнан астам адам науқастанған. Бұл біздің облыс үшін өте үлкен көрсеткіш, – дейді облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Наталья Селезнева.

Аталған науқасқа шалдыққан адамдардың басым көпшілігі 40 жасқа дейінгілер болса, 47 пайызы жыныстық қатынас арқылы, 50 пайызы нашақорлық жолмен жұқтырғандар. Сол сияқты абақтыда жазасын өтеп жүргендердің әрбір бесіншісі ВИЧ-пен ауырады екен.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button