Ауыл шаруашылығы

Ветеринариялық қызметті жандандыру қажет

Аудан әкімдігінде Қазақстан Респуб-ликасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мә-селелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жиын болып өтті.

Ветеринариялық қызметті жандандыру қажетЖиынға аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы бастығының орынбасары Серік Сапарғалиев, Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария бөлімінің бастығы Алтай Өзбеханов, республикалық ветеринарлық зертхананың Семей өңірлік филиалының директоры Болат Қизатов, аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандары, ауылдық округтердің әкімдері мен мал дәрігерлері қатысты.

Аудан басшысы ауданда ірі қара малының 14 мың басқа азайып кеткенін айтып, ветеринарлық қызметті жандандыру қажеттігін тапсырды.

Жиын барысында қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Малдарды егу, қан алу жұмыстары-ның уақытында өту керектігі тапсырылды.

Тілеукен Тілеубердіұлы
Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button