Ауыл шаруашылығы

Үржардың үздік шаруа қожалығы анықталды

Биыл Үржар ауданы, Таскескен ауылында тұңғыш рет Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтілді. Осы күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, еңбегі сіңген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. 

Мерекелік шарада Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Қуанышев сөз сөйледі. Жиын үстінде аудан көлемінде өткізілген байқаудың жеңімпазы марапатталды. «Жылдың үздік шаруа қожалығы» деген құрметті атаққа Таскескен ауылының «Сұңқар» шаруа қожалығы лайық деп танылды. Басшысы – Бекжан Жұмағұлов.

Сондай-ақ ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген Т.Жарболов, С.Салимов, Ж.Актаев, С.Раев, Ш.Габбасов, А.Бағылбеков қатарлы ауыл азаматтарына аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің алғыс хаттары тапсырылды.

– Аудан деңгейінде алғаш рет өткізіліп, жоғары марапатқа ие болып жатқан ауыл азаматтарын өзімнің және халықтың атынан шын жүректен құттықтаймын, – дейді Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Айдын Қожаев.

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданы

 

Осы айдарда

Back to top button