Тарих

Ұлы даланың қаһарман тұлғасы

Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлы даланың қаһарман тұлғасы» атты жинақтың тұсауы кесілді.

Жуықта облыстық кітапхана Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырған еді. Осы конференцияға қатысушылардың мақалалары мен зерттеулері бір жинаққа топтастырылды.

Ғылыми-практикалық конференция «Ер Қаптағай» республикалық бірлестігінің қолдауымен Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Еңсеновтің жетекшілігімен өткенін айта кетейік. Бұған дейін 2021 жылы 3-12 шілде аралығында дарабоз батырдың жорық жолдарын зерттеп, зерделеу мақсатымен Аягөз-Майлышат-Шорға тарихи танымдық экспедициясы ұйымдастырылған. Экспедицияға тарихшылар, өлкетанушылар және өңір мектептеріндегі тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Аягөздегі Мамырсу өзенінің жағасында орналасқан Қасабай батыр кесенесінен қозғалған экспедиция мүшелері Зайсан көлінің жағалауындағы Шорға өңіріне ат басын тіреді. Жұмыс барысында әйгілі Шорға шайқасының тарихи маңызы, Мамырсу бітімі және тағы басқа шайқастар, оқиғалар туралы тың деректер жинақталды. Соның нәтижесінде Қабанбай батырдың мерейтойына орай бірінші Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, «Ұлы Даланың қаһарман тұлғасы» атты еңбек жарық көрді.

Назгүл Амантайқызы

Осы айдарда

Back to top button