Денсаулық сақтау
Үш мыңнан астам адамды кене шақты
Облыста сәуір айынан бері 3346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997.
Бұл – кенеден зардап шеккендердің 30 пайызы. Кене энцефалитіне 8 адам шалдыққан. Олардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерге уақтылы қаралғандар арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ.
Didar ақпарат