Жаңалықтар

Тұрғындар қала әкімінің қабылдауында болды

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әкіммен кездесуге келген жұртшылықтың көтерген мәселелері әр салаға қатысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Дегенмен, басым бөлігі баспана кезегіне қатысты.
Қала әкімінің айтуынша, бүгінде қала бойынша 14 446 адам баспана кезегінде тұр.

Оның ішінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар 2155, көпбалалы отбасылар 1298, әлеуметтік осал топтағы тұрғындар саны 5198.
Биыл барлығы 132 адам баспаналы болды.

Кездесу барысында Өскемендегі Абай даңғылы, Заслонов, Островский көшелеріндегі апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетіндігі айтылды.

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button