Ауыл шаруашылығы

Төрт түліктің төресі көбейіп келеді

Төрт түліктің төресі көбейіп келедіОблыста жылқы мен түйе саны жыл сайын артып келеді. Қазір аймақта 634 бас түйе бар.

Ойсыл қара тұқымын көбейтіп отырғандардың бірі – Абай ауданының шаруа қожалықтары. Аудандағы екі шаруашылықта өсіріліп жатқан түйе саны 163 бастан асып отыр. Ұлан, Үржар, Аягөз аудандарындағы шаруашылықтарда да бұл түліктің басы жүзге жеткен.

Ал төрт түліктің төресі саналатын жылқы саны өңірімізде 289 мыңнан асып, 109 пайызға көбейген.

– Кеңшарлар кезінде Аягөз, Үржар, Абай аудандарында түйе саны едәуір болатын. Азайып кеткен түлік түрі соңғы екі-үш жылдан бері қайтадан көбейіп келеді. Республикалық бюджеттен шұбат өндіруші шаруашылықтарға субсидия қарастырылған. Бірақ біздің облыстан бұл демеуқаржыны әзірге ешқандай шаруашылық алып отырған жоқ. Өндірілген шұбаттың әр килограмына 55 теңгеден бөлінетін субсидияны алу үшін шаруашылықтағы сауылатын түйе саны 30-дан асу керек. Үлкен сұранысқа ие өнім табысты кәсіп түрі болмақ, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Игорь Миронов.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button