Экономика

Төрт бірдей туысқанын жұмыспен қамтыды

Төрт бірдей туысқанын жұмыспен қамтыды

Белағаш өңірінде қазақ асханасы қайта түлеп келеді. Қарағайлы ауылының маңында орналасқан қымызхана осы сөзімізге дәлел бола алады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастаған Ерболат Мұқамет-қалиұлы алған несиесін ата кәсіпті дамытуға жұмсап келеді. Мемлекет қамқорлығының арқасында ісін кеңейтіп, ойлаған жоспарын жүзеге асырып отырған жігіт бүгінде тынымсыз еңбектенуде. Өйткені, оның кәсібі жыл мезгілдеріне тәуелді. Жаздың жадырап тұрған шағында қарманып қалмаса, алған несиені уақытында төлеу қиынға айналуы мүмкін. Бие байлап, қымыз баптауға бала кезден икемі бар Ерболат бүгінде отбасылық бизнесін дөңгелетіп, төрт бірдей іні-қарындасын жұмыспен қамтып отыр.

Ұлттық асхананың өңірімізде өркен жаюы үшін Жұра ауылында істеліп жатқан оңды істердің басында Ер-болаттай жігіттердің жүргені көңілге қуаныш ұялатады. Ол кәсібінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Мал басын көбейтіп, тағы да жұмыс орнын ашпақ. Ал қазір ол ашқан асханаға келушілер көп.

Серік Әбілқасымұлы
Бородулиха ауданы

Осы айдарда

Back to top button