Ауыл шаруашылығы

Төрт аймақты тауық етімен қамтамасыз етіп отыр

«Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы кәсіпорынды жаңғыртудың екінші кезеңін іске асырып, сағатына алты мың бройлер өңдейтін жобалық қуатында жұмыс істеп жатыр.

Төрт аймақты тауық етімен қамтамасыз етіп отырБұл жоба 2009 жылы индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Қысқа мерзім аралығында цехтарды қайта жаңғырту, жаңадан құс өсіретін орындар салу, тоңазыту және мұздату камераларын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде республикада тұңғыш рет тоңазытылған өнім шығару жүзеге асырылды. Ал 2010 жылы құс етін өңдейтін жаңа зауыт салынып, іске қосылды.

Келесі жылы өнімді тереңдетіп өңдейтін жаңа цехтың құрылысы қолға алынып, бір жылдан кейін іске қосылады. Бұл кәсіпорын еліміздің төрт аймағын тауық етімен қамтамасыз етіп жатыр. Құс фабрикасының өнімдері шетелдерге де шығарылады.

«ҚазАгроҚаржы» мемлекеттік ауыл шаруашылығы лизингтік компаниясы осы фабриканың өндірісін жаңғыртумен қатар сапалы құс азығын дайындау бағытындағы жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Осы айдарда

Back to top button