Ауыл шаруашылығы

Тозығы жеткен трактор аяққа тұсау болып отыр

2011 жылы облыстың ауылшаруашылығы құрылымдары 3,3 миллиард теңгеге 708 жаңа техника сатып алды. Сөйтіп, өңірдегі машина–трактор паркінің сегіз пайызы су жаңа техникамен жаңартылды.

Тозығы жеткен трактор аяққа тұсау болып отырОсыдан он-он бес жыл уақыт бұрынғымен салыстырғанда шаруа қожалықтарының техникамен қамтылу жағдайы әжептәуір жақсарып отыр. Өңіріміздегі егінжайларда шетелдік заманауи технологиялармен жұмыс істеп, жанар-жағармайды да, уақытты да үнемдейтін комбайн, машиналардың қарасы көбеюде.

Облыстың ауылшаруашылығы мамандары ағымдағы жылы қатардағы әмбебап техникалармен бірге жылдан-жылға екі еселеніп келе жатқан ірі қараға мал азығын дайындайтын машиналарды, ылғал сақтау технологиясына арналған жабдықтарды көптеп сатып алуға көңіл бөлінетінін айтуда.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button