Мәдениет

Тіл білгеннің тірегі беки бермек

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Наурыз мейрамы қарсаңында облысымыздың 80 жылдығына орай тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ жастары арасында «Жеті жұрттың тілін біл» атты байқау өткізді.

Тіл білгеннің тірегі беки бермекХалықтың лингвистикалық капиталын дамыту, орыс тілінің ком-муникативтік-тілдік кеңістіктегі қолданысын сақтау мақсатында ұйым-дастырылған бұл шараға облысы-мыздағы 8 ауданнан және Өскемен, Семей, Курчатов қалаларындағы қазақ мектептері мен колледждерінен 11 үміткер қатысты.

Байқауға қатысушылар «Тілдер туыстығы – мәдени туыстық» аталымы бойынша өзінің талпынысы, мектеп өмірі төңірегінде орыс тілінде слайд пайдалану арқылы таныстыру жасаса, «Тіл – ғасырлар мәдениетінің қайнар көзі» аталымы бойынша әдеби-мәдениеттанушылықтан тестік сынақ тапсырды.

Білікті мамандардан құралған қа-зылар алқасы байқау қорытынды-сында бас жүлдеге Үржар ауданы Абай атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Мұсақанованы лайық деп тапты. Ал 1-орынды Семей қаласындағы «Қайнар» колледжінің студенті Индира Қинаятова жеңіп алса, 2 және 3-орындарды Курчатов қаласындағы №1 орта мектептің 11- сынып оқушысы Салтанат Мәдиева мен Глубокое ауданы Оралхан Бөкей атындағы орта мектеп оқушысы Рашида Жүнісова иеленді.

Бодаухан Тоқанұлы

Осы айдарда

Back to top button