Денсаулық сақтау

Тексерілу тегін

Осы аптада облыстың ббілікті онкогинеколог мамандары нәзік жандарды тегін қабылдап, маман кеңесін беретін болады.

Дәлірек айтсақ, 13 маусым күні облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылмақ. Бұл жолғы Ашық есік күні жатырдың түйінді ісігін ерте кезде анықтауға бағытталған.

Мамандар келушілерді сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайтын болады. Кез келген әйел біліктілігі жоғары онкогинеколог дәрігерлерге ешқандай арнайы жолдамасыз тегін қаралып, медициналық кеңес алады.

Айта кетейік, Ашық есік күні ұйымдастырылатын медициналық орталық Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. Қажетті ақпаратты 8 (7232) 74-00-77 телефондары арқылы алуға болады.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button