Жаңалықтар
Техникалық көлікті мас күйінде жүргізген – Өскемен
Облыс орталығында техникалық көлікті есірткілік масаң күйде жүргізген жүргізуші ұсталды.
Полицияның мәліметінше ол осыған дейін өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Әл-Фараби даңғылында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамның басқаруымен “JCB” тракторын тоқтатқан. Тексеріс барысында ер адам есірткіге мас күйінде көлік жүргізген. Сонымен қатар, ол өткен сәуірде өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған екен.
– Трактор арнайы автотұраққа жіберілді. Құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, — деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Ынтымақ Толқын