Акция

Тегін тексерілуге болады

23-29 қаңтарда облыста жатыр мойны обыры туралы ақпараттану апталығы өтеді. Іс-шара Дүниежүзілік жатыр мойны обырын хабардар ету апталығы аясында жоспарланып отыр.

Апта бойы облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында жатыр мойны ауруларының алдын алуға және ерте диагностикалауға назар аударуға арналған шаралар өтеді.

Науқан барысында қыз-келіншектер жатыр мойны скринингі, адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау, цитологиялық скрининг, жатыр мойны обырының факторлары мен белгілері туралы мәлімет алады.

Жатыр мойны обырының алдын алу үшін 30 жастан 70 жасқа дейінгі әр әйел онкогинеколог қарауынан өтуі тиіс. Сол себепті 28 қаңтарда аталған орталықта ашық есік күні өтеді. Осы күні кез келген жастағы әйел гинеколог қабылдауына келіп, тексеріле алады.

– Тексерілушіде қандай да бір диагнозға күдік болса, оны гинеколог-онколог қарап, кеңес береді. Сондай-ақ жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық және МРТ зерттеуі, цитологиялық зерттеу сияқты тексерулер тегін жүргізіледі, – дейді орталық мамандары.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button