АкцияБілім

“Мектепке жол” акциясы басталды

2023 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.

Жалпы республикалық акция 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

Бүгінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралардың облыстық жоспары әзірленді. Сондай-ақ, акцияны өткізудің облыстық штабы бекітілді.

Аудандар мен қалаларда «Балаларға жақсылық жаса!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі: баланы мектепке жинаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button