Инфрақұрылым

Табиғатты тамашалайтын алаң орнатылды

«Өскемен Алтай Рахман қайнарлары» жолының Осинов асуын басып өтетін бөлігінің ең биік нүктесінде жолаушыларға аялдап, табиғатты тамашалай алатын алаң орнатылды.

Соңғы жылдары өңірдің барлық аудан-қалаларында Шығыстың тұмса табиғатын келімді-кетімді туристердің тамашалай алуына мүмкіндік беретін арнайы орындардың көптеп жасала бастағаны белгілі. Осындай жұмыстардың бірі жақында Алтай ауданында қолға алында. Атап айтсақ, «Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» автомобиль жолының Осинов асуы тұсындағы бөлігінің ең жоғарғы нүктесінде қарау алаңы орнатылды.

Бұл жердің бір ерекшелігі – мұнда ары-бері көлікпен өтетін жолаушылардың автожолдың ең қиын бөлігін өткен соң осы аумақта аялдап демалуында. Сонымен қатар бұл аумақ асудың ең биік нүктесі болғандықтан Алтай тауларының көркі таңдай қақтыратын жерлерін тамашалауға мүмкіндік беретін жер.

Негізі темір конструкциялардан жасалып, үсті ағаш тақтайлармен жабылған құрылысты кәсіпкер Александр Дериглазовтың басшылығымен «Meloman travel» компаниясы жүргізді. Бұдан бөлек, бұл жерде жолаушылар үшін демалатын орындар мен дәретханалар және қоқыс тастауға арналған контейнерлер орнатылды.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button