РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Төрт жеңімпаз іріктелді

 “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында облыста жас тарихшылардың  “Менің кіші Отаным” зияткерлік байқауы  болды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты  онлайн форматта өткен байқауға  өңір мектептерінің 9-10 сыныптарында оқитын 92 оқушы қатысты.

Шараның басты мақсаты  өз елінің тарихына  қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, өскелең ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімін, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімін дамыту.

“Дарын” қосымша білім беру және дарындылықты дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Гүлжан Елемесованың айтуынша,  екі кезеңнен тұрған байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер  Қазақстан тарихы пәні бойынша қашықтан тест тапсырса, екінші кезең төрт номинация бойынша өткізілген.

Байқау аясында балалар “Менің кіші Отанымның тарихы” тақырыбына видеорепортаж  жасап, “Кіші Отанымның символы” тақырыбына видео түсірді. Онлайн форматта “Менің кіші Отанымның болашағы” атты шығармашылық жұмыстар қорғалды, сондай-ақ  “Менің туған өлкем” тақырыбына эссе жазылды. Осы  жұмыстардың арқасында оқушылар өз өлкелері туралы білімдерімен бөлісіп,  Отанына деген патриоттық көзқарасын көрсетіп, болашақта олардың туған жерлері қалай дамитыны туралы пікірлерін айтты, дейді Гүлжан Елемесова.

Қазылар алқасының мүшесі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Нелли Краснобаева әрбір ұсынылған жұмыс бірегей екенін атап өтті.

— Өз жобаларында  оқушылардың көптеген қызықты нәрселерді ұсынғанын байқауға болады. Олар өздерінің елді мекендерінің әл-ауқатын қалай жақсартуға болатындығын көрсетуге тырысып, макеттерге көп көңіл бөлді. Бұл жастағы балалар өздерінің туған өлкесінің тағдырына бейжай қарамайтынын атап өту өте маңызды. Сондықтан болашақта олар өз елінің игілігі үшін бәрін жасауға тырысады. Болашақта әрбір жоба жүзеге асырылады деп үміттенемін, дейді Нелли Краснобаева.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз іріктеліп, қараша айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button