Ауыл шаруашылығы

«Сыбағадан» сыбаға алып жатқандар көп

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 жылы ауданда 15 адам шағын несие алды. Былтыр Ақшатау, Сарыарқа, Мыңбұлақ, Өркен, Ақшәулі, Нарын ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары 30 миллион 500 мың теңге мөлшерінде несие алып, оған 179 бас ірі қара сатып алды.

«Сыбағадан» сыбаға алып жатқандар көп– Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдауды мақсат еткен «Сыбаға» бағдарламасы 2010 жылдан бастап жүзеге асып келеді, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Оразбек Кеңшіліков. – «Сыбаға» тек қана ірі қара малының басын көбей-туге, тұқымын асылдандыруға бағытталған. Бұл мекеме 1 миллионнан 18 миллионға дейін несие бере алады. Несие 7 жылға жылдық 6 пайыздық өсіммен беріледі. Бұл мерзімде шаруа қожалығы шаруашылығын көтеруге едәуір мүмкіндік алады. Бұған қоса, 1 миллионға дейінгі шағын несие алу-ға болады. Бұл несие аз қамтамасыз етілген жанұяларға үш жылға 9,5 пайыздық өсіммен беріледі. Несиені алғаннан кейін бір жылдан кейін қайтарымын төлей бастайды.

Тілеукен Тілеубердіұлы
Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button