Суландыру жүйесі қалпына келтірілмек
Бесқарағай ауданында «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік кешені құрылысының жобасы жүзеге асырыла бастады.
Жоба бойынша Семияр ауылдық округінің аумағындағы 4041 гектар болатын суармалы жерлерді игеру үшін суару жүйелерін қалпына келтіру қарастырылған. Ұзындығы 59,7 шақырым суару жүйелерін қайта жаңалау және негізгі сорғы стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандарының қосымша құрылысын салу жоспарлануда.
Жобаның мақсаты халықты жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен ұдайы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл Қазақстан нарығын жоғары сапалы өнімдермен толтырып, азық-түлік қауіпсіздігінің артуына, сонымен бірге өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейлерінің өсуіне әсер етеді.
Жобаның құны – 1 млрд. 542 млн. 830 мың теңге. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге конкурс өткізіліп, соның қорытындысы бойынша «ВК Д және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы шаруамен айналысатыны анықталды.