Мәдениет

Спорт сарайындағы қателер түзетілді

Спорт сарайындағы қателер түзетілді

Жуықта газетімізде Өскемен қаласындағы Борис Александров атындағы Спорт сарайының ішіндегі бөлмелер есіктеріндегі қазақ тілінде қате жазылған жазуларды сынға алып, мақала жазып, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің назарына ұсынған едік. Аталған бөлімнен мынадай жауап келді.
«2014 жылдың 18 қазанында «Дидар» газетінің №121 нөмірінде шыққан «Спорт сарайындағы қателер қашан жөнделеді?» атты мақала бойынша Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Спорт сарайының әкімшілігімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мақалада көрсетілген кемшіліктер жойылды» делінген аталған жауап хатта. Хатпен бірге қателігі түзетілген бөлме есіктерінің суреттерін де жіберіпті. Сол суреттерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мұратхан Кенжехан

Осы айдарда

Back to top button