Цифрлық Қазақстан

«Сот кабинетін» қолданушылар саны артып отыр

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты соңғы жылдары азаматтармен цифрлық форматтағы диалогты барынша кеңейте түскен. Сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот төрелігін неғұрлым ашық әрі айқындылықпен атқаруда «Сот кабинетінің» маңызы артып отыр.

– Былтыр «Сот кабинеті» электрондық сервисін 380 жеке және заңды тұлға пайдаланды. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда сервисті тұтынушылар 10 пайызға артып отыр, – дейді облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Ақгүл Атудинова. – «Сот кабинеті» азаматтарға соттардың электрондық сервистерін «бір терезе» арқылы ұсынады, сондай-ақ олардың уақыты мен сот органдарына барып-қайту қаражатын үнемдейді. Цифрлық диалог барысында пайдаланушыларға жауапүш тәулік ішінде беріледі.

Бес жыл бұрын іске қосылған бұл сервисарқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттарын мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Пайдаланушы қалаған уақытында сот құжаттарын қарап, іс бойынша сот актілерін басып шығара алады.

Осы айдарда

Back to top button