«Сот кабинеті» уақытты үнемдейді
Қазақстанда төрелікті жүзеге асыру қағидаттарының бірі-қолжетімділік, ашық болу. Оларды қамтамасыз етуде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану үлкен роль атқарады. Уақыт ағымына сәйкес ілгері жүруде заманауи технологияларды пайдалану –заман талабы болып табылады. Соның бірі «Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе.
«Сот кабинеті» сервисі арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің орындалу деңгейін көруге және сот актісін шығаруға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік алады.
Сервис қызметін қолдану үшін ХҚКО-нан немесе Egov.kz сайтынан ЭСҚ(электрондықсандық қолтаңба) алу қажет. Сондай-ақ, сот кабинеті сервисінің мобильдік нұсқасы бар. Оны Playmarket және App Store-ден жүктеп алуға болады. 2022 жылдың тамыз айының 24-не «Сот кабинеті» сервисі арқылы ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барлығы 214 кіріс құжат тіркелген.
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі