Денсаулық сақтау

Өскемендіктер қандай сырқатпен көп ауырады?

Еліміздің бірқатар өндірісті қалаларында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскеменнің экологиялық жағдайы кері әсерін тигізетін сырқаттар тізімі анықталды.

Өскемендіктер қандай сырқатпен көп ауырады?Бұл ауқымды зерттеу жұмыстары 2010-2012 жылдар аралығында Өскемен, Теміртау, Тараз, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жүргізілген.

– Өскемен бойынша экология әсерінен туындайтын сырқаттар тізімі түзілді. Онда негізінен тиреотоксикоз, артериялық гипертония, ишемиялық жүрек сырқаты, демікпе, созылмалы өкпе аурулары, созылмалы холецистит, панкреатит, пиелонефрит және артроз сынды сырқаттар бар, – деп түсіндірген еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының директоры Ізтілеу Аманжол бұл тізімді нақтылау үшін өскемендіктердің денсаулықтарын тағы тексеруден өткізу қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, аталған зерттеулер тек соматикалық патологияға қатысты болған, ал онкологиялық сырқаттар бағдарламаға енбепті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button