Экология

Өскеменді үш түске боямақшы

Енді облыс орталығының тұрғындары қаладағы экологиялық ахуалды арнайы сайттан онлайн режимде көріп, біле алатын болады. Экологиялық қауіпсіздік орталығы мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мамандарының бірігіп жасаған «Эко болжам» бағдарламасы осындай мүмкіндікке қол жеткізбек.

Өскеменді үш түске боямақшыБағдарлама «Менің қалам» қорынан бөлінетін 5 миллион теңге қаржының көмегімен жүзеге асырылмақ. Жоба өте қарапайым. Өскемен бірнеше секторға бөлініп, жасыл түске боялады. Жасыл түс экологиялық ахуалдың жайлылығын білдіреді. Сәт сайын жіберілетін арнайы қондырғының деректері бойынша жасыл түс сары немесе қызыл болып өзгеріп отырмақ. Егер қандай да бір аудан сары түске боялса, онда аздаған улы заттар бар деген сөз. Ал қызыл түс – дабыл белгісі. Есік-терезелерді жауып, сыртқа шықпау керек.

Мамандардың айтуынша, «Эко болжам» қала жұртшылығы үшін өте пайдалы. Біріншіден, ол жалған үрей мен негізсіз жорамал жасаудан қашуға көмектессе, екіншіден, адамдардың серуендеуі үшін жасыл ауданды таңдауларына мүмкіндік туғызбақ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button